$448.44 €514.81 ₽5.33
×

SpaceX зымыранының бөлшегі айға құлады

07.08.2026ж. 05:49
SpaceX зымыранының бөлшегі айға құлады
Фото: The Independent

SpaceX зымыранының бір бөлігі Айға құлады. Деректерге сай, салмағы төрт тоннаға жуық қалдық айға сағатына шамамен 8700 шақырым жылдамдықта түскен.

Бұл былтыр ғарышқа ұшқан Falcon 9 кемесінің бөлшегі. Ол орбитада қалып қойған еді. Оңтүстік Кореяның Аэроғарыш басқармасы мен NASA жариялаған суреттерде ай бетіндегі өзгеріс анық байқалады.

Ал SpaceX зымыран бөлігінің айға құлайтыны жоспарда болмаған деп хабарлады.