Ақтаудағы үш жаңа ауданның тұрғындары наразылық танытуда. Олар қаңтар айына тұтынған жылуы үшін жоғары ақы төлеуге мәжбүрміз деп ашынады.
Гүлмира Жекеева, Ақтау қаласының тұрғыны:
Біреуге - 25 мың, біреумізге- 50, қайсыбіріне 90 мың теңге келіпті. Бюджет саласының қызметкерлері, балалар үйінің тәрбиеленушілері, жәрдемақыға қарап отырған қанша адам бар мұнда. Не деген баға бұл?!
Тұрғындардың
даурығатындай жөні бар. Түбіртекте көрсетілген төлемақы көпқабатты үйдегі
жалпы есептегіш құралдың көмегімен алынған. Жылу өндірушілер соңғы үш айдағы
тұтынған жылуды орташа жылу ақысымен есептеген көрінеді. Ал қондырғыда бір
бөлшек жетіспеген. Ақтауда үш шағын
ауданға қызмет көрсеткендердің ішінде «Карат» фирмасы шығарған қондырғының тілін білетіндер болмапты. Тек бірер күн бұрын ғана кінәрат анықталды. Енді қосымша бөлікті қоюға
200 мың теңгедей қаражат қажет. Атқамінерлердің айтуынша, бұл ақша тұрғындарға
салмақ салмайды. Ал пәтер иелерінің тұтынбаған жылу ақысы түйіткіл шешілгесін
қайта есептелетін болады.