$467.48 €539.52 ₽5.73
×

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының жаңа бас бапкері тағайындалды

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының жаңа бас бапкері тағайындалды
Қазақстан футбол федерациясы

Қазақстан футбол федерациясы Джон ван’т Шкиппен ұлттық құраманың бас бапкері ретінде жұмыс істеу туралы келісімге келді. Маманның тағайындалуы федерация жарғысына сәйкес ҚФФ атқарушы комитетімен келісілгеннен кейін ресми түрде рәсімделеді. КФФ Атқарушы комитетінің отырысынан кейін бапкермен келісімшартқа қол қойылады.

Футболшы ретінде Джон ван’т Шкип Амстердамның «Аякс» және Италияның «Дженоа» клубтарында өнер көрсетіп, Нидерланд құрамасында ойнады. Ұлттық құрамамен бірге 1988 жылғы Еуропа чемпионы атанды.

Бапкерлік жолын «Аякстың» жүйесінде бастап, бас бапкері қызметін атқарды. Сондай-ақ «Твенте», «Зволле», Мексиканың «Гвадалахара» және Аустралияның «Мельбурн Сити» командаларының тізгінін ұстады. 2016 жылы «Мельбурн Сити» клубымен бірге Аустралия кубогын жеңіп алды. Халықаралық деңгейде Джон ван’т Шкип Грекия және Армения ұлттық құрамаларының бас бапкері қызметін атқарды.

Футболдан Қазақстан құрамасының бапкерлер штабы да құрылды. Бас бапкердің көмекшісі Нұрбол Жұмасқалиев пен Елдос Ахметов болса, қақпашылар бапкері Юрий Новиков, дене даярлығы бапкері Вадим Боровский және сарапшы бапкер Тимур Құсайынов.