Ақтауда балкон арқылы үйіне кірмек болған 42 жастағы азамат 12-қабаттан құлап көз жұмды. Бейресми дерекке сәйкес, көз жұмған азамат бұған дейін Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының бас прокуроры қызметін атқарған. Ол 2025 жылы зейнетке шыққан. Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында сотқа дейінгі тергеу басталды.
ӘЙГЕРІМ ИБАТУЛЛАЕВА, МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ ПД БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
Ер адам балкон арқылы пәтерге кірмек болып, биіктіктен құлап кетті. Аталған факті бойынша тексеру жүргізіліп жатыр. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.