Астанада тұрғын үй кешенінің ауласында алкоголь ішіп, шалшық суды балаларға қарай шашқан екі ер адам жауапқа тартылды. Полиция әлеуметтік желіде тараған бейнежазба негізінде тексеру жүргізіп, оқиғаға қатысушылардың жеке басын анықтаған. Олар ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен 37 жастағы Алексей Свиридов 25 тәулікке, ал 35 жастағы Владимир Логвин 7 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.
ДАМИР АМРЕНОВ, ҚАЛАЛЫҚ ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:
Полиция қоғамдық орындардағы мұндай әрекеттерге жол бермейтінін ескертеді. Азаматтардың тыныштығы мен қауіпсіздігін бұзатын кез келген құқыққа қайшы әрекетке заң аясында қатаң құқықтық баға беріледі.