$469.93 €541.64 ₽5.71
×

Көкшетауда заң бұзған жас жұбайлар жауапқа тартылды

AstanaTV
07.08.2026ж. 19:00
Көкшетауда заң бұзған жас жұбайлар жауапқа тартылды

Көкшетауда жас жұбайлар уақытша ұстау изоляторынан бір-ақ шықты. Шаңырақ көтерген сәтті ішімдікпен тойламақ болған жұптың қуанышы көпке созылмады. Мас күйдегі күйеу көшеде жанжал шығарып, тәртіп сақшыларына бағынбай, былапыт сөздер айтқан. Ал жұбайы қоғамдық орында мас күйде жүргені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Полицейлерді оқиға орнына балалар шақырған. Олар ер адамның әйеліне қол көтеріп, өзге жолаушыларды балағаттағанын хабарлады. Ер адам уақытша ұстау изоляторында да сабасына түспей қолжуғышты сындырып, билік өкілін қорлады деген күдікпен қылмыстық іске ілікті. Сондай-ақ ұсталған азаматтың бұрын сотталғаны және жуырда ғана түзеу мекемесінен босап шыққаны белгілі болды.