Еліміздің қай аймағында болсын құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Соның ішінде Қызылорда облысы бұл саладағы өсім бойынша көшбасшы өңірлердің қатарында. Биылғы алғашқы жартыжылдықта өңірдегі құрылыс индустриясының көлемі 31,3 пайызға артты. Бұл – ең алдымен, құрылысшылардың тынымсыз еңбегінің нәтижесі. «Әрбір нысанда сала мамандарының қолтаңбасы ғана емес, маңдай тері бар», – дейді Манарбек Еспенбетов. Ол осы бағытта 50 жылдан бері тер төгіп, қала сәулетінің жаңаруына өзіндік үлес қосып келеді. Сала ардагерінің айтуынша, келешекте құрылыс мамандығына жастардың қызығушылығын арттырып, ортақ істе аянып қалмау маңызды.
МАНАРБЕК ЕСПЕНБЕТОВ, «ҚҰРЫЛЫСШЫЛАР ОДАҒЫ» ҚОФ ДИРЕКТОРЫ:
Кімде кім болса да жақсы үйде тұрғысы келеді, жақсы балабақшаға бергісі келеді, жақсы мектепте, жақсы университетте оқығысы келеді.Оның барлығы біздің құрылысшылардың қолымен жасалатын тірлік. Сол үшін жастарға айтатыным, жастар да сол жеңіл жұмыс іздемей, осы құрылысқа олар да мойнын бұру керек.