Оралдықтарда құрылысшылардың кәсіби мерекесін атап өтті. Сала үздіктері марапатталып, еңбегі еленді. Қиындықпен шыңдалған еңбекқор жандардың қуанышы туралы келесі материалда.
Тәуелсіздік алғалы бері облыста жылына орта есеппен 200 мың шаршы метр үй салынса, бүгінде бұл көрсеткіш үш есеге өсіпті. Шалғай ауылдарға жол салынып, алыстағы үйлерге газ бен су кіргізілді. Әлеуметтік нысандар бой көтеріп, ауылдағы ағайын қуанды.
МИРАС МҮЛКӘЙ, ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
2023 жылға дейін облыста 235 елді мекен орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылса, соңғы екі жылда тағы 127 елді мекен тіршілік нәрімен қамтылды. Осылайша облыс халқы орталықтандырылған ауыз сумен 100% қамтамасыз етіліп, Мемлекет басшысының бұл тапсырмасы толық орындалды.
Соңғы үш жылда облыста 30 мектеп салыныпты. Биылғы жаңа оқу жылына дейін тағы 8 білім ордасы ашылмақ. Мұнда мыңнан астам оқушы білім алады.
ТЕМІРЖАН ШӘКИМОВ, "АЛТИМ" ҚҰРЫЛЫС КОМПАНИЯСЫ" ЖШС БАҚЫЛАУ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:
Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен көптеген бағдарламалар жүзеге асырылып жатыр. Соның ішінде осы Батыс Қазақстан облысында былтыр өзіңіз білетіндей "комфортная школа" дейміз ғой. Сондай 9 мектеп салынды. Одан да басқа ауруханалар салынып жатыр, балабақша, мектептер, үйлер салынып жатыр.
Мемлекет басшысының тапсырмасымен биыл өңірдегі 4 теміржол вокзалы жаңғыртылды. Өйткені бұл сала - мемлекеттің стратегиялық басым бағыттарының бірі. Халыққа қуаныш сыйлаған сала үздіктерінің еңбегі еленіп, сый-сияпатқа ие болды.