$469.93 €541.64 ₽5.71
×

«Жеңіс» футбол клубының бас бапкер тағайындалды

«Жеңіс» футбол клубының бас бапкер тағайындалды
Фото: «Жеңіс» футбол клубы

«Жеңіс» футбол клубы босниялық маман Владимир Слишковичтің бас бапкер қызметіне тағайындалғаны туралы ресми түрде мәлім етті. Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Жанкүйерлер тәжірибелі маманды Ресейдің «Спартак» (Мәскеу) пен «Оренбург» клубтарындағы қызметі арқылы жақсы біледі. Босниялық 43 жастағы маман «Спартак» клубын басқарған кезде Ресей Премьер-Лигасында бірде-бір рет жеңіліс таппаған және айдың үздік бапкері деп танылған.

Ол өзінің бапкерлік жолын босниялық «Зриньски» командасында бастаған. Сондай-ақ Қытай, Сауд Арабиясы клубтарында және Босния мен Герцеговинаның жасөспірімдер құрамасында жұмыс істеу тәжірибесі бар.