$469.93 €541.64 ₽5.71
×

Жынысын ауыстырамын деп анасына сес көрсеткен тұрғын көпті таңқалдырды

Жынысын ауыстырамын деп анасына сес көрсеткен тұрғын көпті таңқалдырды
Фото: видеодан скриншот

Ташкент облысының Паркент ауданында қарт әйелге қатысты алаңдатарлық жағдай қоғамның назарын аударды

Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, әйелдің асырап алған қызы үйде жиі жанжал шығарып, анасына күш көрсеткен және оны өлтіремін деп қорқытқан.

Тұрғындардың айтуынша, жанжал кезінде асырап алған қызы анасынан ақша талап еткен. Үйдегі жағдайдың бірнеше рет қайталанғанын көрген көршілері қарт әйелдің қауіпсіздігіне алаңдап отыр.

Сонымен қатар, әйелдің жынысын ауыстыратынын айтып, осы мәселеге байланысты да үйде шу шығарғаны айтылды. Бұл жайт әлеуметтік желі қолданушылары арасында түрлі пікір туғызды.

Жергілікті тұрғындар қарт әйелдің жалғыз қалуына алаңдап, құзырлы органдардан жағдайға құқықтық баға беруді және оның қауіпсіздігін қамтамасыз етуді сұраған.