Жезқазған қаласында Жедел басқару орталығының инспекторлары бейнебақылау камералары арқылы Сарыарқа көшесінде қозғалыста болған автоколоннаның жол жүрісі қағидаларын бұзғанын анықтады.
Тексеру барысында автоколоннаның үйлену тойына қатысу мақсатында ұйымдастырылғаны белгілі болды.
Атап айтқанда, жолаушылардың автокөлік терезесінен денесін шығарғаны, көлік құралын басқару құқығы жоқ адамға автокөлікті басқаруға бергені және қарсы бағыттағы жол жолағына шыққаны анықталды.
Анықталған құқық бұзушылықтар бойынша жүргізушілер мен жолаушылар заңнамаға сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Жалпы 6 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 2 автокөлік арнайы айыптұраққа қойылды.
Полиция азаматтарды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және өзге де жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігіне қауіп төндіретін әрекеттерге жол бермеуге шақырады.