$469.93 €541.64 ₽5.71
×

Астанада айналма жол уақытша жабылды

09.08.2026ж. 22:45
Астанада айналма жол уақытша жабылды
Фото: ҚазАвтоЖол

«Астана қаласының айналма жолы» автожолының учаскесінде қозғалысқа шектеу енгізілді. Жол 9 тамыздан 13-не дейін уақытша жабылады.

Республикалық маңызы бар KZ01-01 «Астана қаласының айналма жолы» автомобиль жолының 22–30 шақырым аралығында орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты қозғалысқа уақытша шектеу енгізілді.

«Жүргізушілерден жол жүру бағытын алдын ала жоспарлауды және уақытша жол белгілерінің талаптарын сақтауды сұраймыз. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз», делінген хабарламада.