Спорт Қазақстан
$447.89 €476.78 ₽4.79
×

«Отан үшін отқа түскендер» атты деректі фильмнің тұсаукесері болды

AstanaTV
25.03.2016ж. 20:00
2167
«Отан үшін отқа түскендер» атты деректі фильмнің тұсаукесері болды

Бүгін Астанадағы Ұлттық Ұлан сарбаздары «Отан үшін отқа түскендер» деректі фильмін тамашалады. Жас жауынгерлер алдында тұсауы кесілген туынды Жеңіс мерекесінің 71 жылдығы мен Украинаны фашистерден азат етудің 70 жылдығына арналған. Оны еліміздің 40-қа жуық әскери бөлім сарбаздары көріп шыққан.

Фильмді тамашалауға ардагерлер де арнайы шақыртылды. Туындыға тарихи фактілер арқау болған. Авторлар Ржев-Вязьма бағытындағы майданның құпия тұстарын ашуға тырысыпты. Ресми деректер бойынша 15 айға созылған шайқасқа 10 миллион сарбаз қатысып, жартысына жуығы қаза тапты. Ұрысты кеңес тарихшыларының құпия ұстаған себебі - ол барынша сәтсіз операция саналған.

Фильм сирек бейнематериалдар мен көзі тірі куәгер -майдангерлердің естеліктерінен 4 жыл бойы жиналған. Басты рольдерде - қазақстандық майдангерлер мен аты аңызға айналған қаһармандар. Олар-қазақтың даңқты батыр ұлы Бауыржан Момышұлы, екі мәрте Кеңес Одағының батыры, ұшқыш Талғат Бигелдинов, Халық қаһарманы, партизан-жазушы Қасым Қайсенов және басқалар. Идея авторы - «Нұр Отан» партиясының хатшысы Зауытбек Тұрысбеков.

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА