$465.74 €537.23 ₽5.62
×

"Мен таңға дейін ұйықтамаймын",-тұрғын

AstanaTV
11.08.2026ж. 19:00
"Мен таңға дейін ұйықтамаймын",-тұрғын

Ақтөбе облысы Қарауылкелді ауылында болған дүлей дауылдың салдарынан 59 үй мүлдем тұруға жарамсыз болып қалды. Екпінді жел үйлердің шатырларын ұшырып, ұялы байланыс мұнарасын құлатты. Ауданда төтенше жағдай режимі жарияланды. Арнайы комиссия құрылып, зардап шеккендерге өтемақы тағайындалды. Алайда ауыл тұрғындары бұл қаражаттың баспананы қалпына келтіруге тым аз екенін айтып отыр.

Қарауылкелді ауылының тұрғындары осыдан 1 ай бұрын болған жойқын дауылдан әлі де ес жияр емес. Баспаналыр тұруға жарамсыз. Тұрғындар қора-қопсы мен уақытша тұрақ іздеп, паналауға мәжбүр. Халықтың бар үміті өтемақыда еді.  Алайда ұсынылған сома мардымсыз, дейді.

МАЙРА ШӘМШИ, ҚАРАУЫЛКЕЛДІ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Шешім бойынша беріліп тұрған ақша 4 млн 700. Бірақ менің ол тек қана берген ақша ол жаңағы жалдаған адамымның ақшасына да, крышаны жабудың материалдарына да жетпей тұр. Менің ішкі жұмыстарым әлі ешқандай қозғалған жоқ.

Әсіресе, екі қабатты ескі үйге келген залал зор. Ғимараттың салынғанына жарты ғасырдан асқан.  Дауыл кезінде шатыры ұшып, кірпіштері зақымданған.  Кейін мәселені нөсер жауын ушықтырыпты. Тұрғындар бұл ғимараттың ұзаққа бармайтынын айтып, алаңдаулы. 

БИНҰР АЛМАХАНОВА, ҚАРАУЫЛКЕЛДІ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Төрт баламен осы жерде, осы жерге тамақ ішемін, осы жерге жатамыз. Осы жерге шешінеміз. Одан қалса көршімнің үйіне барамын қорқып. +Мен уже ұйықтамаймын, балалаларымды қарап таңға дейін ұйқы жоқ уже бір ай болды.

Жергілікті биліктің мәліметінше, дауылдан 200 ден астам үй бүлінген. Оның 59 ы қазір тұруға мүлдем жарамсыз. Зардап шеккендер үшін жаңа баспана салынып жатыр. Ал қалған тұрғындарға жөндеу жұмыстарын жүргізуге көмек көрсетілмек. Өтемақы көлеміне заң аясында есептеледі. Ал ескі екі қабатты үйдің тағдыры әзір белгісіз. Аудан басшылығы эксперт шақыртамыз, деп отыр.

РУСТЕМ РАУШАНОВ, БАЙҒАНИН АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Аварийный үйді біз очередьке қоямыз деген сияқтымын.Ертең эксперт шақыртамыз да, үйіңізді дазамыз да қоямыз. Қазір бізде 36 ма адам тұр, аварийный үйде. Енді жыл сайын 40, былтыр 42, биыл 56 үй салып жатыр мысалы.

Ауылдағы ағайын жергілікті биліктен қосымша көмек күтуде. Үйлерін күн суытқанға дейін қалпына келтіргісі келеді. Ал қирайын деп тұрған 2 қабатты баспананың тұрғындарына 3 ай ішінде қоныс аудару мәселесі шешіледі деп уәде берді билік өкілдері. Қазір әкімдік құжаттарды зерделеп, мамандардың қорытындысын күтіп отыр.