$465.74 €537.23 ₽5.62
×

Мектепке дайындық басталды: базар бағамы қандай?

AstanaTV
11.08.2026ж. 19:00
Мектепке дайындық басталды: базар бағамы қандай?

Жаңа оқу жылы таяп қалды. Ал ата-ананың алдында ұзын-сонар тізім тұр: мектеп формасы, аяқ киім, сөмке, кеңсе тауарлары. Бір баланы мектепке дайындаудың өзі отбасылық бюджетке айтарлықтай салмақ салуы мүмкін. Ең бастысы, баға мен сапаның арасындағы тепе-теңдікті қалай табуға болады? Базар бағамын  әріптесім Айғаным Тұрысбек білді.

АЙҒАНЫМ ТҰРЫСБЕК, ТІЛШІ:

- Ананы аламын!

- Қызым оған ақша жетпейді. Әлі белдемше алу керек.

Баласы үшін барын да жанын да аямайтын ата-ана мектеп маусымы басталғанда да қарап жатқан жоқ.Дәл қазір қызыма мектеп сөмкесін, оқуға қажетті құралдарын алдым. Осының өзіне 50 мыңға жуық қаржы кетті. Әлі дене шынықтыру формасы мен аяқ киімдерін алу керек.

БЛИЦ:

- Әлі керек зат көп. ДШ алмадық. Канцелярия алмадық. Екі балаға 300 мың үстінде кетеді.

- Барынша үнемдеуге кішкене жеңілдіктер болып жатқан жерге. Елдің баласы киген форманы менің балам кию керек. Елдің баласы алған затты менің балам да алуға тиісті.

- Бәрі керек. Бәрі 100 мыңнан жоғары болады.

Мектепке қажет дүниенің тізімі бір бөлек, оған қойылатын талап тағы бар. Оқу-ағарту министрлігі ата-ананы белгілі бір дүкеннен немесе нақты өндірушіден киім алуға мәжбүрлеуге болмайтынын ескертеді. Яғни форманы қайдан және қанша ақшаға сатып алу ата-ананың өз таңдауы. Ал оның үлгісі мектеп әкімшілігі мен ата-аналар кеңесінің келісімімен бекітілуі тиіс.

СӘУЛЕ ӘПЕТОВА, ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Міндетті мектеп формасының үлгісі классикалық стильде болу керек. Біріңғай түс сақталуы керек. 3 түстен араластырмай кию рұқсат етіледі.

Ал форма таңдаудағы басты өлшем тек баға емес. Арзанын іздеп жүріп, баланың денсаулығын назардан тыс қалдыруға болмайды. Әсіресе күн сайын арқалап жүретін мектеп сөмкесіне ерекше мән берген жөн. Себебі шамадан тыс ауыр жүк баланың омыртқасына салмақ түсіреді.

САЛТАНАТ НАЗАРОВА, ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ БӨЛІМ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Оқу құралдарымен қоса сөмкенің салмағы баланың дене салмағынан 10 пайыздан артық болмау керек. Егерде бала 30 кг болса, сумканың салмағы 3 кг аспау қажет.

Мектепке дайындықтың бағасы ата-ананың қалтасына байланысты әртүрлі. Бірі үнемдеп алуға тырысса, енді бірі сапалысын таңдауды жөн көреді. Биыл 450 мыңға жуық бала мемлекеттік көмекпен қамтылып, бұл мақсатқа 23 миллиард теңгеге жуық қаражат бөлінген. Бір балаға берілетін ең төменгі көмек – 50 мың 851 теңге.