Елордада дауыс беру күні 520 учаске жұмыс істейді, оның 117-сі - уақытша. Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров бірқатар сайлау учаскесін аралап, дайындық барысын тексерді. Науқанды ұйымдастыруға 500-ден астам комиссия мен 4 мыңнан астам маман жұмылдырылған. Сондай-ақ кандидаттар мен партиялардың үгіт-насихат жүргізуі үшін де арнайы орындар әзірленген. Ал дауыс беру күні тұрғындарға қолайлы болуы үшін 30 шағын Халыққа қызмет көрсету орталығы іске қосылады. Сондай-ақ Орталық Сайлау Комиссиясының Төрағасы жауапты мемлекеттік органдар мен комиссия мүшелерімен арнайы кеңес өткізді. Жиында Call-орталықтардың үздіксіз жұмысы, инженерлік инфрақұрылым мен интернет сапасы, әрі мүгедектігі бар жандарға толық қолжетімділікпен қамтамасыз ету мәселелері пысықталды.
НҰРЛАН ӘБДІРОВ, ҚР ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Бізде инвалидтігі бар адамдар бар. Оның ішінде арбамен жүретін, көзі көрмейтін, есту жағынан кемшіліктері бар оларға да көптеген мүмкіндіктер беріп, сайлау органдары жасап жатыр. үлкен көмекті жергілікті органдар, әкімдіктер көрсетіп жатыр. Мысалы инватакси. Таксимен апарады, ақысыз, алып келеді.