Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Жол апатынан қайтыс болған Өзбекстан азаматтарының мәйіттері бүгін елдеріне жеткізіледі

AstanaTV
02.03.2018ж. 20:00
3287
Жол апатынан қайтыс болған Өзбекстан азаматтарының мәйіттері бүгін елдеріне жеткізіледі

Маңғыстау облысындағы ірі жол апатынан қаза тапқан Өзбекстан азаматтарының мәйітін тануға туыстары келген. Сараптаманы жергілікті мамандар жасайды. Қазір мәйіттерді елге жеткізу жолдары қарастырылып жатыр. Мұны Өзбекстан тарапының өкілдері хабарлады.

Алихан Сапаров, Өзбекстан ТЖМ шұғыл желісінің жедел кезекшісі:

Біздің мамандар оқиға орнына бармады. Тек туыстары сол жақта. Қазақстан тарапымен сөйлестік, ДНК сараптамасын сондағылар өздері жасайды. Туыстарын шақыртты. Бүгін кешкісін мәйіттерді алып қайтулары тиіс.

Оқиға таңғы 4-тер шамасында болған. Маңғыстау облысындағы "Ақтау-Бейнеу" күре жолында «LADA Largus» пен «Shacman» жүк көлігі соқтығысқан. Кейін автокөлік өртеніп, 7 адам өртеніп кеткен. Оның алтауы - Өзбекстан азаматы. Олардың аты-жөні көрші елдің Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми сайтында жарияланды. Шұғыл желі де іске қосылған. Ал жетінші адамның жеке тұлғасы әлі анықталмаған.

Жазира Әбіл, Маңғыстау облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі:

Бұл факт бойынша ҚР ҚК 345 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бұдан да өзге ақпараттар Қылмыстық- процессуалдық кодекстің 201 бабы бойынша жариялануға жатпайды.