$465.19 €536.55 ₽5.61
×

ІІМ қазақстандықтардың жеке деректерін сатылымға шығарған хакерді іздеп жатыр

ІІМ қазақстандықтардың жеке деректерін сатылымға шығарған хакерді іздеп жатыр

Ішкі істер министрлігі қазақстандықтардың жеке деректерін сатылымға шығарған адамды іздеп жатыр. Даркнетке 15 млн азамат туралы ақпаратты  жариялаған  хакер Egov жүйесін бұздым деген. Алайда Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды. Ведомство техникалық тексеру жүргізіп, электронды үкіметтің шабуылға ұшырамағанын мәлімдеді. Полиция ұсынылған деректердің қайдан алынғанын, оны таратқандарды анықтау үшін барлық қажетті шараларды қабылданып жатыр.

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ:

Ішкі істер министрлігі өз құзыреті шегінде азаматтардың дербес деректерін қорғауға қатысты конституциялық кепілдікті іске асыруға барынша жауапкершілікпен қарайды. Конституцияның 21-бабында дербес деректерді заңсыз жинаудан, өңдеуден, сақтаудан және пайдаланудан, оның ішінде цифрлық технологияларды қолдану арқылы жүзеге асырылатын мұндай әрекеттерден қорғау тікелей көзделген. Ешкім жауапкершіліктен жалтара алмайды. Бұл жұмыс Ішкі істер министрлігінің ерекше бақылауында.