$453.87 €508.33 ₽5.65

17 млн теңге талап еткен: Қостанайда екі бопсалаушы ұсталды

17 млн теңге талап еткен: Қостанайда екі бопсалаушы ұсталды
Ашық дереккөз

Қостанайда жергілікті тұрғыннан 17 миллион теңге талап еткен екі ер адам ұсталды. Олар жәбірленушіні күш қолданумен қорқытып, ақша бопсалады деген күдікке ілінген, деп хабарлайды Astana TV. 

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, бұрын сотталған екі азамат қыркүйек айынан бері жәбірленушіден ақша талап етіп келген. Олар оған күш қолданатынын айтып қорқытып, жалпы сомасы 17 миллион теңге беруді талап еткен.

28 қазанда күдіктілер 4,4 миллион теңгені алып жатқан жерінде ұсталды. Операцияны ҚР ІІМ Экстремизмге қарсы іс-қимыл департаментінің қызметкерлері облыстық полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы және «Бүркіт» арнайы бөлімшесімен бірлесіп жүргізген.

Тінту кезінде 4,4 миллион теңге, Kia Sportage автокөлігі және ұялы телефондар тәркіленді.

Қазір екі күдікті де тергеу изоляторына қамалды. Олардың әрекеті алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобымен жасалған бопсалау ретінде сараланған.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. Оқиғаның өзге де мән-жайы анықталуда.