$465.19 €536.55 ₽5.61
×

«Байтақ» партиясының өкілдері орман мәселесін талқылады

«Байтақ» партиясының өкілдері орман мәселесін талқылады

«Байтақ» жасылдар партиясының өкілдері Қазақ орман орналастыру кәсіпорнының мамандарымен кездесті. Олар ұйымның жұмыс барысымен танысты. Сонымен қатар, қызметкерлермен сала туралы пікір алмасты. Кездесуде ормандардың жай-күйі, жасыл аумақтарды кеңейту және саладағы мәселелер талқыланды. Соның ішінде ұзақ уақыт далалық іс-сапарда жүретін мамандардың еңбек жағдайы сөз болды. Қатысушылар заңнаманы жетілдіру және жеке меншік орман қорын дамыту жайына да тоқталды. Партия мүшелері сайлауалды бағдарламаға енгізілген бастамаларын түсіндірді. Ал кәсіпорын қызметкерлері өз ұсыныстары мен пікірлерін ортаға салды.

АЛМА ҚАРАШ, «БАЙТАҚ» ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Бұл кәсіпорындағы көпшілік қызметкер – алматылықтар. Оларды қазір қаланың экологиялық мәселелері алаңдатады. Себебі, бәріміз бір ауамен тыныстаймыз. Кептелісте бірге тұрамыз. Маған, әсіресе, ұжымдағы жас мамандардың пластик қалдықтарға алаңдайтыны қызық болды. Олар орман саласына қатысты сұрақтарды ғана емес, осы пластик мәселесін де шешуді айтып отыр.