$465.19 €536.55 ₽5.61
×

ЖСДП өкілдері тұрғындармен кездесті

ЖСДП өкілдері тұрғындармен кездесті

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының өкілдері Қызылорда облысында Төретам кентінің тұрғындарымен кездесті. Іс-шара барысында партияның сайлауалды бағдарламасы таныстырылды. Төретам кенті - «Байқоңыр» ғарыш айлағының іргесінде орналасқан елді мекен. Сондықтан бұл аумақ ерекше географиялық және әлеуметтік-экономикалық жағдайға ие,-дейді партия өкілдері. Кездесу аясында жергілікті мәселелерді шешу жолдары да назардан тыс қалмады. Ашық диалог форматындағы жиын өңірдің басқа да елді мекендерінде жалғасын таппақ.

ЕРҒАЗЫ ҚОЖАҚОВ, ЖСДП ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Әлеуметтік сала бойынша, білім саласы бойынша, медицина саласы, құрылыс, ауыл, барлық сала бойынша біздің бағдарламамыз қамтылған. Өзіміздің алдағы уақыттағы жүзеге асырамыз, ұсыныспен осы бағдарламамен жүреміз деген пікірлеріміздің, осы уақытқа дейін жинаған, ұсыныс пікірлеріміздің бәрі қамтылған.