Алматыда 2008 жылы болған кісі өлтіру ісі бойынша «Кинг-Конг» лақап атымен белгілі Ю. Юсупов 17 жылдан кейін сот алдында жауап берді.
2008 жылғы 19 мамырда Алматы қаласының орталығында ер адамға бірнеше рет оқ атылып, ол оқиға орнында қаза тапқан.
Қылмыстан кейін Юсупов Қазақстаннан кетіп, Еуропа елдерінде жалған деректермен жасырынған.
2025 жылғы тамызда Литвада ұсталып, қарашада Қазақстанға экстрадицияланды.
2026 жылғы шілдеде Алматы соты оны адамдар тобының алдын ала сөз байласуы арқылы жасалған кісі өлтіруге көмектескені үшін кінәлі деп танып, 15 жылға бас бостандығынан айырды.
Оның сыбайласы А. Коваленко 2009 жылы 23 жылға бас бостандығынан айырылған.
Бұл іс Қазақстанның халықаралық әріптестерімен тиімді өзара іс-қимылының нәтижесінде аяқталды.