$461.39 €534.75 ₽5.45
×

Астанада көпқабатты үйдің терезесінен секірген қыз көз жұмды

18.08.2026ж. 13:31
Астанада көпқабатты үйдің терезесінен секірген қыз көз жұмды
Фото: stan.kz

Бұл ақпарат әлеуметтік желіде тарады.  Куәгердің айтуынша, көпқабатты үйдің терезесінен секірген қыз курьердің мопедінің үстіне құлаған.

«Жедел жәрдем мен аумақ қоршауға алынғанға дейін сол жерден өтіп бара жаттым. Тек қыздың денесі жатты. Курьер қасында қатты абдырап тұрды. Меніңше, қыз оның мопедіне құлаған», деп жазды әлеуметтік желі қолданушысы.

Полиция суицид фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. 

Алдыңғы жаңалық