Күкірт қышқылы. Атауының өзі адамды елең еткізеді. Бұл жай химиялық элемент қана емес, уран өндірісіндегі негізгі қоспа болып саналады. Қызылорданың Кейден деген шағын ауылында ауқымды өндіріс қызу қарқын алған. Кез келген адамның кіруіне рұқсат етілмейтін қалашықтың ішкі жұмысын тілшіміз көріп келді.
Алып өндіріс орны 2012 жылы ашылған. Қатаң бақылаудағы нысанға кірерде бізге ең алдымен дайын өнім емес, қауіпсіздік ережелері таныстырылды. Себебі мұнда күрделі, әрі тәуекелі жоғары процесстер жүзеге асады.
СӘБИТ ДАУЫЛБАЕВ, КҮКІРТ ҚЫШҚЫЛЫ ЗАУЫТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:
Күкірт бізге Атырау өңірінен түйіршіктелген күйде жеткізіледі. 135 градус температурады балқытып, оны әрі қарата жағу пешіне жөнелтеміз. Жағу пешінде мың граусқа дейін температурасы көтеріліп, абсорция арқылы жүргізіп кислота өнімін шығарамыз.
Кәсіпорында алғашқы шикізаттан бастап дайын өнімнің құрамына дейін жіті тексеріледі. Арнайы сынақ зертханасында біліктілігі жоғары 11 маман бекітілген. Технологиялық тізбекке қажетті әрбір қоспа олардың сүзгісінен өтпей өндіріске жіберілмейді.
ЖАДЫРА СҮЛЕЙМЕНОВА, КҮКІРТ ҚЫШҚЫЛЫ ЗАУЫТЫ СЫНАҚ ЗЕРТХАНАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:
Барлығы бізде стандартқа сай жұмыс істелінеді. Дайын өнімнің сапасына мән беріледі. Бізде 2012 жылдан бері сынақ зертханасы акредитацияланған. Сынақ зертханасында жұмыс істейтін әрбір жұмысшы маман бірінші техника қауіпсіздігіне мән береді.
МӨЛДІР ТОҚТАСЫНҚЫЗЫ, ТІЛШІ:
Өндіріс орны толықтай Европалық стандарттарға сай жабдықталған. Барлығы автоматтандырылғанымен мамандар күндіз түні кірпік қақпай бақылайды. Себебі одарды біріктіретін ортақ талап қауіпсіздік. Ал менің ту сыртымдағы қазандық зауыттың өндірістік тізбегіндегі маңызды буынның бірі. Мұнда дайын өнім сақталған. Ол осы жерден әрі қарай өңірдегі кәсіпорындарға жөнелтіледі.
Өндіріс маңындағы шағын қалашық жұмысшылар үшін уақытша аялдайтын орын емес. Тұрмысқа қажетті мүмкіндіктер жасалған жайлы мекенге айналған. Ал бұл аумақ пен зауытқа қажетті электр энергиясы, жылуға деген сұраныс өз қуаты есебінен өтеледі.