$460.13 €532.6 ₽5.42
×

Қарасай ауданының ұстаздары Конституциялық құндылықтарды талқылады

AstanaTV
18.08.2026ж. 19:00
Қарасай ауданының ұстаздары Конституциялық құндылықтарды талқылады

"Конституциялық құндылықтар: адами капиталды дамыту және білім беру сапасын арттыру». Осындай тақырыпта Алматы облысы Қарасай ауданында тамыз кеңесі өтті.

Жаңа оқу жылына дайындық барысын талқылаған жиынған сегіз мыңнан астам педагог бас қосты. Әр мектеп өз жетістіктері мен білім беруде қолданып жүрген тиімді тәсілдерін бөлісті. Қазір ауданда 80 мектеп жұмыс істейді. Онда жүз мыңнан астам бала білім алады. Ал биыл алғаш рет тоғыз мың оқушы  бірінші сыныпқа барады. Білім сапасын арттыру мақсатында пән мұғалімдеріне арналған 32 секция ұйымдастырылды. Онда оқытудың заманауи әдістері қаралып, алдағы оқу жылындағы негізгі бағыттар айқындалды.

ӘСЕЛ ЕРКІНБАЕВА, ҚАРАСАЙ АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Жаңа Конституция негізінде білім берудің жаңа форматы шығып жатыр ғой, оның ішінде жасанды интеллект бар. Тағы да басқа тапсырмалара бар, “заң мен тәртіп” қағидаты бар, жасыл мектеп, жасыл қоғам деген сияқты. Сондықтан біз осындай бағыттарды биылғы оқу жылында білім саласына қалай енгіземіз және қандай әдістерді қолданамыз, қандай бағытта біз жұмысымызды күшейтеміз, қандай жобаларды іске асырамыз. Осы басты мақсатты біз бүгін талқылайтын боламыз.