$460.13 €532.6 ₽5.42
×

Екібастұзда «Әділет» партиясының өкілдері ірі кәсіпорын қызметкерлерімен кездесті

18.08.2026ж. 19:00
Екібастұзда «Әділет» партиясының өкілдері ірі кәсіпорын қызметкерлерімен кездесті

Екібастұзда «Әділет» партиясының өкілдері ірі кәсіпорын қызметкерлерімен кездесті. Партияның сайлауалды штабы алдымен «Богатырь-көмір» кенішіндегі сайлаушылармен жүздесті. Партияның алға қойған мақсат, міндетттерін түсіндірді. «Богатырь-көмір» кеніші – еліміздегі өндірілген көмірдің 40 пайызын шығарады.  Кәсіпорын қара отынды ашық әдіспен өндіреді. Мұнда 7 мыңнан астам жұмысшы бар. Бұдан бөлек партия өкілдері Болат Нұржанов атындағы «Екібастұз МАЭС-1» кәсіпорынның қызметкерлерімен де кездесті. Олар елдегі такси қызметін реттеуге қатысты мәселе көтерді. Бұл түйткілді партия өкілдері назарға алатынын жеткізді. «Екібастұз МАЭС-1» кәсіпорыны еліміздегі ең ірі және әлемдегі көмірмен жұмыс істейтін жетекші электр станциясы. Мұнда 2 мыңға жуық адам жұмыс істейді.

ҮНЗИЛА ШАПАҚ, «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНАН ҚҰРЫЛТАЙ ДЕПУТАТТЫҒЫНА КАНДИДАТ:

Партия бағдарламасының ішінде көмір өндірісін дамыту 2035 жылға дейін нақты ұлттық проекті жазылған. Сонымен қатар таза көмір өндіру дегенді негізгі мақсатқа қойып отырмыз. Бұл көмірді толыққанды өңдеу. Оны қайта өңдеу мәселесі және экологиялық тұрғыдан әрі қауіпсіз әрі сапалы өнім шығару бойынша бағдарламаның ішінде нақты көрсетілген.