$460.13 €532.6 ₽5.42
×

Respublica кандидаттары жастармен кездесті

AstanaTV
18.08.2026ж. 19:00
Respublica кандидаттары жастармен кездесті

Петропавл қаласында Respublica партиясының мүшелері өңірдің белсенді жастарымен кездесу өткізді. Жиын барысында Құрылтай депутаттығына кандидаттар өздерінің сайлауалды бағдарламасын таныстырып, жиналғандардың сұрағына жауап берді. Оның ішінде кәсіпкерлікті дамыту, тың бизнес идеяларды жүзеге асыру, экономикалық өсім, жұмыспен қамту мәселелері кеңінен талқыланды. Сонымен қатар партия өкілдері қаладағы ірі кәсіпорындарды аралап, қарапайым жұмысшылармен жүздесті. Өндіріс басында еңбек қарым қатынастары, тегін медициналық көмек алу және халықты әлеуметтік қорғау сұрақтары айтылды.

НҰРГҮЛ ТАУ, RESPUBLICA ПАРТИЯСЫНАН ҚҰРЫЛТАЙ ДЕПУТАТТАҒЫНА КАНДИДАТ:

Еліміздің барлық аймағын аралап келеміз. Ең соңында Астанамыз ғана қалды. Әр елдімекенге барған сайын әртүрлі азаматтардан үлкен өтініштер түсіп жатыр. Шынымен де, халықпен тікелей кездескен кезде, халықтың ішіне барған кезде қандай проблеманың қордаланып қалғанын түсінесіз. Көбінесе мысалы, зейнетақыға қатысты сұрақтар болып жатыр. Сонымен қатар денсаулық сақтауға қатысты сұрақтар көп болды.