$460.13 €532.6 ₽5.42
×

Атырау облысында құрғақ шөптің жануы толық сөндірілді

Атырау облысында құрғақ шөптің жануы толық сөндірілді
фото скрин

Атырау облысы Құрманғазы ауданында Сүйіндік ауылынан 40 шақырым жерде Апанды көлінің маңында ашық аумақта құрғақ шөптің жануы орын алды. Өрт аумағы 12 гектарды құрады.

Өртті сөндіруге «Ауыл құтқарушылары» ерікті жасағы мен жергілікті атқарушы органдардың күштері мен құралдары жұмылдырылды. Жедел әрекет ету нәтижесінде өрт толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

ТЖМ азаматтарды, әсіресе өрт қаупі жоғары кезеңде, өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырады. Белгіленбеген орындарда от жақпаңыз және от көздерін қараусыз қалдырмаңыз.