$460.13 €532.6 ₽5.42
×

ТЖМ құтқарушылары жеке тұрғын үйден жыланды алып шықты

ТЖМ құтқарушылары жеке тұрғын үйден жыланды алып шықты
фото скрин

Бүгін 112 пультіне Түркістан облысы Леңгір қаласындағы жеке тұрғын үйлердің бірінен жылан табылғаны туралы хабарлама түсті.

Оқиға орнына ТЖМ құтқарушылары жедел жетті. Арнайы жылан аулау құралдарының көмегімен бауырымен жорғалаушыны қауіпсіз ұстап, тұрғын үйден алып шықты.

Зардап шеккендер жоқ.