Еліміздің
барлық аймақтарында көктемгі су тасқыны кезінде болуы мүмкін төтенше
жағдайларды жою іс-әрекеттері пысықталады. Бұл жедел шаралар бірнеше кезең
бойынша өтеді деп жоспарланған. Осыған
орай Өскеменде «Көктем-2018» командалық - штабы оқу-жаттығу жиындарын бастады.
Республикалық жедел штабта азаматтық қорғаныстың барлық қызмет өкілдері бар. Ең
қауіпті сценарийлер жоспарланып отыр, - дейді төтенше жағдайларды жою
басқармасының басшысы. Ал, бұған дейін тасқынға орай төтенше жағдай жарияланған
өңірлерде пысықтау шаралары оқу-жаттығу бойынша емес, іс жүзінде қалыптасқан
жағдайға сай өтпек.
Рустамбек Амрин, ҚР ІІД ТЖ жою басқармасының бастығы:
Облыстар
мен Алматы және Астана қалаларында апаттан құтқару қызметтерінің бөлімшелері,
азаматтық қорғаныс күштері жаттығуларын өткізеді. Олар көктемгі тасқын кезінде
болуы мүмкін төтенше жағдайға қарсы іс - қимылдары мен құтқару әрекеттерін
пысықтайды. Бұл көктемгі сел басу қаупі жоғары жерлерде шұғыл әрекет етуге
көмектеседі.