$458.13 €502.29 ₽5.58

Таразда жол ережесін бірнеше рет бұзған жүргізушінің көлігі айыптұраққа қойылды

Таразда жол ережесін бірнеше рет бұзған жүргізушінің көлігі айыптұраққа қойылды
Polisia.kz

Жол қозғалысын бақылау барысында Жамбыл облысы полиция департаменті жедел басқару орталығының қызметкерлері бейнебақылау камералары арқылы жол қозғалысы ережелерін бірнеше рет бұзған жүргізушіні анықтады,  деп хабарлайды Astana TV.

Көлік Жамбыл даңғылында тоқтатылды. Тексеру нәтижесінде жүргізушінің автокөлікті алдыңғы әйнектерін күңгірттеп басқарғаны, қауіпсіздік белдігін тақпағаны және жол таңбаларының талаптарын сақтамағаны белгілі болды. Сонымен қатар көлік міндетті техникалық байқаудан өткізілмеген. Жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылып, автокөлік мамандандырылған айыптұраққа қойылды. Полиция жол қозғалысы ережелерін сақтау – әрбір жүргізушінің міндеті екенін еске салады. Жол қауіпсіздігі әр адамның жеке жауапкершілігі мен өзге жол қозғалысына қатысушыларға деген құрметінен басталады.