Негізгі / Жаңалықтар / Өскеменде «Көктем-2018» республикалық оқу-жаттығулары басталды

Өскеменде «Көктем-2018» республикалық оқу-жаттығулары басталды

Еліміздің барлық аймақтарында көктемгі су тасқыны кезінде болуы мүмкін төтенше жағдайларды жою іс-әрекеттері пысықталады. Бұл жедел шаралар бірнеше кезең бойынша өтеді деп жоспарланған.  Осыған орай Өскеменде «Көктем-2018» командалық - штабы оқу-жаттығу жиындарын бастады.

Республикалық жедел штабта азаматтық қорғаныстың барлық қызмет өкілдері бар. Ең қауіпті сценарийлер жоспарланып отыр, - дейді төтенше жағдайларды жою басқармасының басшысы. Ал, бұған дейін тасқынға орай төтенше жағдай жарияланған өңірлерде пысықтау шаралары оқу-жаттығу бойынша емес, іс жүзінде қалыптасқан жағдайға сай өтпек.

Рустамбек Амрин, ҚР ІІД ТЖ жою басқармасының бастығы:

Облыстар мен Алматы және Астана қалаларында апаттан құтқару қызметтерінің бөлімшелері, азаматтық қорғаныс күштері жаттығуларын өткізеді. Олар көктемгі тасқын кезінде болуы мүмкін төтенше жағдайға қарсы іс - қимылдары мен құтқару әрекеттерін пысықтайды. Бұл көктемгі сел басу қаупі жоғары жерлерде шұғыл әрекет етуге көмектеседі.