$458.23 €535.99 ₽5.46
×

Әділет партиясы Астанада форум өткізді

AstanaTV
20.08.2026ж. 19:00
Әділет партиясы Астанада форум өткізді

Құрылтай сайлауы қарсаңында Астанада Әділет партиясының форумы өтті. Өңірлерді аралап, ел-жұртқа саяси бағдарламаларын таныстырған партия өкілдері  айға жуық атқарылған жұмысты қорытындылады. Оған Әділеттің әр аймақтан келген 2 мыңға жуық қолдаушылары қатысты. Республикалық штаб мүшелері ауыл-аймақта көрген-түйгендерін ортаға салып, ең көп көтерілген сұрақтарға тоқталды. Олардың қатарында лайықты еңбекақы мен еңбек қауіпсіздігі, бизнеске тұрақты жағдай, сапалы білім мен медицинаға тең қолжетімділік мәселелері бар.

АЙБЕК ДӘДЕБАЙ, ӘДІЛЕТ ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Мемлекет басшысы атап өткендей еліміз ауқымды реформалардың нәтижесінде дамудың  жаңа кезеңіне қадам басты. Осы жолдағы темірқағызымыз – біздің жаңа Конституциямыз. Конституцияда бекітілген қағидалар партиямыздың бағыты мен қызметінің негізін айқындап отыр. Біздің міндетіміз – мемлекет басшысының стратегиялық бағытын берік қолдап, оны жүйелі жүзеге асыруға нақты үлес қосу.