Павлодарда Қазақстан Халық партиясының жақтастары мен Құрылтай депутаттығына кандидаттар жоғары оқу орнындағы профессорлық-оқытушылық құрамымен кездесті. Жиында әлеуметтік сала мен ауылдық елді мекендерді дамыту мәселелері талқыланды. Сонымен қатар әлеуметтік баспана сапасы, мүгедектігі бар азаматтардың құқықтарын қорғау, коммуналдық инфрақұрылымның жағдайы да назардан тыс қалмады. Қатысушылардың айтуынша, кейбір елді мекендерде дүкен мен дәріхананың, сапалы интернет пен жолдың болмауы тұрғындардың қолайлы жағдай іздеп, басқа жерлерге қоныс аударуына себеп болып отыр. Әсіресе, бұл үрдіс ауылды жерлерге теріс әсерін тигізуде. Кездесуде ауыл-аймақта жұмыс орындарын ашу, инфрақұрылымды дамыту және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру қажеттігі айтылды.
ӘЛІМБЕК АҒЫБАЕВ, ҚХП ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:
Елді мекендерді дамытуға қатысты маңызды мәселелер көтерілді. Әлеуметтік инфрақұрылымды жетілдіру, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту және халықтың өмір сүру сапасын арттыру – назар аударуды қажет ететін негізгі бағыттардың бірі. Бұл мәселелерді шешу үшін ауылдық жерлердегі инфрақұрылымды жақсарту маңызды. Көтерілген ұсыныстар осы бағыттар бойынша нақты шешімдер қабылдау қажеттігін көрсетеді.