$462.22 €536.5 ₽5.43
×

«Еріңе сенбе, екі босағада сен!»: Жанель Мақажан күйеуінен бөлек кеткенін айтты

«Еріңе сенбе, екі босағада сен!»: Жанель Мақажан күйеуінен бөлек кеткенін айтты
Фото: ашық дереккөз

Танымал актриса Жанель Мақажан әлеуметтік желідегі парақшасында күйеуінен бөлек кеткенін мәлімдеді

Өнер иесі қазіргі таңда төрт баласымен бірге басқа жерге көшіп кеткенін айтты. Оның сөзінше, бір айға жуық уақыт бұрын балаларымен бірге бөлек тұра бастаған. Бұған дейін екі кішкентай баласы бір ай бойы әкесінің қасында болған.

«Еріңе сенбе, екі босағада сен!» деген қазақтың нақыл сөзін енді толық түсінгендеймін», – деп жазды актриса.

Жанель Мақажан бұл кезеңнің оңай болмағанын айтып, қазір қиындықтардың біртіндеп артта қалып келе жатқанын жеткізді. Алдағы уақытта болған жағдайды толығырақ айтып беруге уәде етті.

Актриса ендігі мақсаты – өзіне және балаларына жағдай жасау екенін атап өтті.

«Өзгеге емес, Аллаға, өзіңе сеніп өмір сүр! Үй ал, дамы, бала-шағамен жағдай жаса», – деп жазды ол.

Сондай-ақ Жанель Мақажан қыз-келіншектерге үндеу жасап, әйелдің өмірлік мақсаты тек тұрмыс құрумен шектелмеуі керек екенін айтты.

«Қыздың өмірлік мәні тұрмыс құру емес, өмір сүру. Бақытты өмір сүру», – деді актриса.

Жанель Мақажан бұған дейін диктор Абай Асылханға екінші рет тұрмысқа шыққан еді. Екеуінің ортақ балалары бар. Актрисаның жалпы төрт баласы бар.

Өнер иесі қазіргі уақытта күйеуінен не себепті бөлек кеткенін нақты түсіндірмеді. Алдағы уақытта бұл жағдай туралы толығырақ бөлісетінін айтты.