$458.23 €535.99 ₽5.46
×

Қазақстандық оқушылар Бейжіңдегі халықаралық робототехника жарысында жүлделі орын алды

21.08.2026ж. 11:11
Қазақстандық оқушылар Бейжіңдегі халықаралық робототехника жарысында жүлделі орын алды
Фото: ҚР Оқу-ағарту министрлігі

Қазақстандық оқушылар Бейжіңдегі халықаралық робототехника жарысында жүлделі орын алды.

Солардың бірі — алматылық KAZBOT командасы. Олар күміс жүлдені жеңіп алып, жарыста археологиялық жәдігерлерді зерттеуге арналған екі ғылыми жобасын таныстырды.

Қатысушылар бағдарламалау, инженерлік шешімдер және командалық жұмыс бағыттары бойынша сынға түсті.

Нәтижесінде Қазақстан атынан барған командалардың үшеуі — күміс, бесеуі қола жүлдеге ие болды.