$458.23 €535.99 ₽5.46
×

Қазақстанда сауда саласына салынған инвестициялар 22,3%-ға өсті

21.08.2026ж. 12:37
Қазақстанда сауда саласына салынған инвестициялар 22,3%-ға өсті
фото: gov.kz

Қазақстанда сауда саласына және онымен байланысты бағыттарға инвестициялар тартудың оң динамикасы сақталуда. 2026 жылдың қаңтар және шілде айларының қорытындысы бойынша инвестициялар көлемі 637,2 млрд теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 22,3%-ға өсті, деп хабарлайды ҚР Сауда және интеграция министрлігі.

Оң динамика бірқатар өңірлерде байқалады. Әсіресе Солтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстарында, Шымкент қаласында, Қостанай облысында, Абай облысында, Маңғыстау облысында және Алматы қаласында өсімнің жоғары қарқыны тіркелді. Сонымен қатар, Алматы инвестициялық белсенділіктің ірі орталықтарының бірі болып қала береді: жеті айда қалаға 204,3 млрд теңге  инвестиция тартылды. Елеулі инвестиция көлемі Түркістан облысында да тіркеліп, 88,7 млрд теңге.

Инвестициялардың экономикалық қызмет түрлері бойынша құрылымында ең үлкен үлес көтерме және бөлшек саудаға  тиесілі – 246,6 млрд теңге. Іргелес бағыттар бойынша да қомақты инвестициялар қаржы және сақтандыру қызметіне, жылжымайтын мүлікті жалға беру және басқаруға, сондай-ақ ғимараттарға қызмет көрсету мен аумақтарды абаттандыруға бағытталуда.

Оң динамика іскерлік белсенділіктің артып, сауда саласының инвестициялық базасының кеңейіп келе жатқанын көрсетеді. Жаңа инвестициялар сауда инфрақұрылымын дамытуға, сауданың заманауи форматтарын кеңейтуге және кәсіпкерлер үшін жаңа мүмкіндіктер қалыптастыруға бағытталуда.