$458.23 €535.99 ₽5.46
×

Азаматтарды тексеру және тіркеу: 23 тамыз күні сайлау учаскелерінде онлайн сервистер іске қосылады

21.08.2026ж. 14:01
Азаматтарды тексеру және тіркеу: 23 тамыз күні сайлау учаскелерінде онлайн сервистер іске қосылады
фото: Алматы әкімдігі

23 тамызда сайлау учаскелерінде арнайы онлайн сервистер іске қосылады. Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, аталған сервистерді енгізу сайлаушыларды толық есепке алуды қамтамасыз етуге және азаматтардың конституциялық сайлау құқығын іске асыруы үшін қосымша жағдайлар жасауға бағытталған.

Бірінші сервис сайлау учаскесінің өзінде азаматтың тұрғылықты жері бойынша тіркелуінің бар-жоғын тексеруге мүмкіндік береді.

Екіншісі сайлау учаскесінің мекенжайы бойынша уақытша тіркеуді жүзеге асырады. Атап айтқанда, тіркеуді тексеру сервисін сайлау комиссияларының мүшелері сайлаушылар тізіміне енгізілмеген азамат өтініш білдірген кезде пайдаланады.