$456.88 €534.64 ₽5.47
×

Жетісу облысында құтқарушылар таулы жерде туристі тапты

Жетісу облысында құтқарушылар таулы жерде туристі тапты
фото скрин

Жетісу облысының Ақсу ауданында ТЖМ құтқарушылары бірнеше күн бойы таулы жерде болған ер адамды тапты.

19 тамызда ер адам тауға барып, екі күннен кейін қайтуды жоспарлаған. Үшінші күні ол байланысқа шықпай, үйіне оралмаған соң, туыстары бұл туралы «112» пультіне хабарлаған.

Іздеу жұмыстарына ТЖМ қызметкерлері мен «Қазавиақұтқару» АҚ тікұшағы жұмылдырылды. Ер адам теңіз деңгейінен шамамен 2000 метр биіктіктегі таулы жерде шатырдың ішінен табылды. Оның жағдайы қанағаттанарлық, медициналық көмек қажет болмады.

Құтқарушылар ер адамды қауіпсіз жерге жеткізіп, кейін таудың етегінде қалдырылған автокөлігіне дейін алып барды.