$457.99 €534.15 ₽5.47
×

6 көлік айып тұрағына қойылды

6 көлік айып тұрағына қойылды
Polisia.kz

Түркістан облысында полиция дрон арқылы құқық бұзушылықтардың жолын кесті.

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғаларының алдын алу және болдырмау мақсатында Түркістан облысының полицейлерімен профилактикалық күшейтілген іс-шаралар өткізілуде. Мәселен 1 тәулікте Келес ауданында жол қозғалысы ережелерін бұзудың 60-қа жуық жайты тіркеліп, 6 автокөлік арнайы айыптұраққа қойылды. Соның ішінде тәртіп сақшылары дрон құрылғысын пайдаланып, бірқатар құқық бұзушылықтарды анықтады. 

Айта кетсек, құрылғы назарына Жібек жолы-Жетісай бағытындағы автожолдың 150/70 шақырымында қарсы бағыттағы жолаққа шыққан Volkswagen Transporter автокөлік жүргізушісі ілікті. Құқық бұзушы бірден тоқтатылып, көлік құралын қарсы бағыттағы жолаққа шығарып басқарғаны үшін заңнамаға сәйкес шара көрілді. Полиция қызметкерлері жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, қарсы бағытқа шықпауға және жолдағы қауіпсіздік талаптарына жауапкершілікпен қарауға шақырады.