Көкшетаудағы аурухана аумағынан 45 жастағы азаматтың денесі табылды, деп хабарлайды AstanaTV.
Оқиға 25 қараша күні тіркелген. Куәгерлердің сөзінше, ер адам ғимарат терезесінен құлап кеткен болуы мүмкін.
Ақмола облыстық полиция департаменті алдын ала болжам бойынша бұл жағдайды суицид ретінде қарастырып отыр.
Қазір аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары басталды. Оқиғаның нақты себебі анықталып жатыр, тергеу құпиялылығына байланысты өзге мәліметтер жарияланбады.