$458.85 €503.5 ₽5.59

Бүгін қар жауып, желдің екпіні күшейеді

27.11.2026ж. 07:28
Бүгін қар жауып, желдің екпіні күшейеді
Фото: pixabay

27 қараша, жұма күні солтүстік-батыс циклонның әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды AstanaTV.

«Қазгидромет» мәліметінше, ел аумағында жаңбыр мен қар жауады:

Оңтүстік және оңтүстік-шығыс: Мол жауын-шашын түседі, ал Алматы мен Жетісу облыстарының таулы аймақтарында қалың қар жауады.

Солтүстік-батыс, солтүстік, оңтүстік және орталық: Жаяу бұрқасын соғып, көктайғақ болады, түнде және таңертең тұман түседі.

Синоптиктер желдің екпіні Павлодар, Абай, Шығыс Қазақстан облыстарында, сондай-ақ түнгі уақытта Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Қарағанды облыстарында айрықша күшейетінін ескертті.