$457.99 €534.15 ₽5.47
×

Табиғат – заңсыз пайда табатын орын емес: Жетісуда 49 құқық бұзушылықтың жолы кесілді

Табиғат – заңсыз пайда табатын орын емес: Жетісуда 49 құқық бұзушылықтың жолы кесілді
Polisia.kz

Жыл басынан бері Жетісу облысының табиғатты қорғау полициясы табиғатты қорғау заңнамасын бұзудың 49 дерегін анықтап, жолын кесті.

Кезекті рейдтік іс-шара Талдықорған қаласының маңындағы Қаратал өзенінің жағалауында өтті. Табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері қала инспекторымен бірлесіп, табиғи ресурстарды заңсыз пайдалану фактілерін анықтау мақсатында аумақты тексерді.

Рейд барысында заңсыз әрекеттерге пайдаланылған LiuGong тракторы мен Shacman жүк көлігі анықталды. Аталған дерек бойынша қажетті материалдар жинақталып, процессуалдық шешім қабылдау үшін уәкілетті органдарға жолданады. Полиция мұндай рейдтердің мақсаты тек құқық бұзушылықтарды анықтау емес, сонымен қатар өңірдің табиғи ресурстарын сақтап, қоршаған ортаға келетін залалдың алдын алу екенін атап өтті. Заңсыз табиғат пайдалану қоршаған ортаға зиян келтіріп, елеулі экологиялық салдарға әкелуі мүмкін. Осыған байланысты Жетісу облысында табиғатты қорғау бағытындағы рейдтік іс-шаралар тұрақты түрде жалғасуда. Полиция табиғатты қорғау заңнамасын бұзғаны үшін заңда белгіленген жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.