Қызылжарда түнгі клубта жастар бір-бірін пышақтады. Алдымен екі адам жанжалдасып, кейін 2008 жылғы жігіт қарсыласына 7 рет пышақ сұққан. Артынша ол ізін суытпақшы болыпты. Алайда, қанды оқиға мұнымен аяқталмады. Жәбірленушінің жолдасы қаскөйді қуып жетіп, оның кеуде тұсына пышақ тыққан. Қазір екеуі де ауруханада жатыр. Полицейлер күдіктіні ұстады. Белгілі болғандай 33 жастағы Петропавл тұрғыны бұған дейін суық қаруды қолданғаны үшін екі рет сотталған көрінеді. Тәртіп сақшыларының айтуынша, қазір ауруханада ем алып жатқан жанжал қатысушысы да жақын арада жауапқа тартылады.
СЕРІК ӘЛЖАНОВ, ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
Қазіргі уақытта бұзақылық және адам денсаулығына қасақана зиян келтіру баптары бойынша қос бірдей қылмыстық іс қозғалды. Бірінші күдікті уақытша ұстау абақтысына қамалды, ал екіншісі әзірге ауруханада жатыр. Істің мән-жайын анықтау мақсатында тергеу амалдары қолға алынды.