$457.99 €534.15 ₽5.47
×

Израиль қайтадан Газа секторына шабуыл жасады

Израиль қайтадан Газа секторына шабуыл жасады

Қанға – қан, жанға – жан, долларға – доллар. Канада АҚШ-қа қарсы тарифтерді бекітті. Дональд Трамп пен Марк Карнидің өзара келіссөздері нәтижесіз аяқталып, экономикалық соғыс қайта басталды. Экономикалық соғыс Иранға қарсы күшейе түседі. Енді ирандықтармен сауда жасаған кез-келген компания АҚШ санкциясына ұшырайды. Ұлыбритания өзінің барлық әскери-өнеркәсіп кешенін Украинаға қолдау үшін жұмылдырмақ. Ал, Ресей Украина біздің экономикамызға нұқсан келтірді, - деп, азаматтық нысандарға да шабуыл жасайтынын мәлімдеді. Шартараптағы соңғы жаңалықтарды Еркелді Тілеуқұл шолып шықты.

АҚШ пен Канада сауда соғысын қайта бастады. Қос тараптың өзара тарифтерді жою туралы келіссөздері нәтижесіз аяқталған. Артынша, АҚШ-тың әр канадалық тауарға 50 пайыздық салық енгізілген. Естеріңізге сала кетсек, өткен апта Трамп, келіссөз қарқыны жақсы екенін айтып, Канадаға қарсы тарифтердің күшін жойған еді.

МАРК КАРНИ, КАНАДА ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:

Келіссөз расымен жақсы өрбіген еді. Бірақ, қол қояр сәтте АҚШ делегациясы шарттарын күрт өзгертіп жіберді. Ол біз үшін мүлдем тиімсіз. Сондықтан, жауап ретінде тура сондай тарифтерді енгізуге шешім қабылдадық. АҚШ бізден заңсыз алған бір доллар салық үшін тура сонша доллар өндіріп аламыз. Ал, мен өз делегциямызғаОттаваға оралсын деген бұйрық бердім.

АҚШ санкцияны Иранға да салды. Енді Ислам республикасымен болмашы сауда жасаған өзге мемлекеттің кәсіпорын-мекемелері ауыр санкция астында қалмақ. АҚШ Қаржы министрі Скотт Бессенттің айтуынша, бұл шарадан кейін Иран экономикасы құлдырайды.

СКОТТ БЕССЕНТ, АҚШ ҚАРЖЫ МИНИСТРІ:

Бізде Иранмен сауда жасаған әр ел тұрмақ, кішігірім компаниялардың да тізімі бар. Жақын арада оларды жазалаймыз. Иран, ақшаны жылыстату үшін халықаралық қылмыстық топтармен де әріптестік орнатқан. Бұған да тоқтау қоймақпыз.

Ұлыбритания өзінің бар қару-жарақ, техникаларының сырын Украина үшін ашып бермек. Елдің тәуелсіздік мерекесін тойлау үшін арнайы Киевке келген Энди Бернем осындай мәлімдеме жасады. Ұлыбритания Премьер-министрі таяу арада барлық құжаттарды Владимир Зеленскийдің жеке қолына табыстаймын деп уәде берді.

ЭНДИ БЕРНЕМ, ҰЛЫБРИТАНИЯ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:

Басқа мемлекеттер бір ай күтейік, Украина жері жау астында қалғанын күтейік, - деп кері тартқанда, Украина бар көмегін аямады. Бұл саясаттан менің кабинетім де теріс айналмайды. СтормШадоу зымырандарының ғана емес, Пэтриот кешендерінің британдық баламасының да сызба-нұсқаларын Украинаға береміз. Мен Лондонға орала сала, әскери-өнеркәсіп кешендерінің өкілдерімен кездесемін.

Украина біздің энергетикалық және өзге экономикалық маңызы бар нысандарымызды атқылап, біздің ашуымызға тиді. Путин, Украинаны кінәлап, енді азаматтық және өзге бейбіт нысандарды атқылайтынын мәлімдеді. Ал, Украинаның тұралап тұрған астық экспортын Путин, ресейлік астықпен алмастырғысы келетінін де жеткізді.

ВЛАДИМИР ПУТИН, РЕСЕЙ ПРЕЗИДЕНТІ:

Киев режимі біздің экономикамызға зиян тигізгісі келіп отыр. Осылайша, олар «Пандора жәшігін» ашты. Ақыры соғыс, тура осындай кезеңге өтсе, біз де Украина үшін аса маңызды инфрақұрылымдық нысандарға шабуыл жасаймыз. Біз қазір кішігірім қиындықтарға тап болдық. Алайда, қарсыластың дегені болмайды.

Израиль қайтадан Газа се,кторына шабуыл жасады. Нәтижесінде бір отбасы оның ішінде 2 ересек пен 2 бала көз жұмды. Естеріңізге сала кетсек, Израиль АҚШ-тың бейбіт келісімге қл қою туралы ұсынысын кері қайтарып, шабуыл жасауды жалғастыратынын жеткізген еді.