Солтүстік Қазақстанда кран операторы тоққа түсіп, қаза тапты. Жеке үйге манипулятормен кірпіш әкелген жүргізуші кранды басқарған кезде электр сымдарын абайсызда үзіп алған. Салдарынан тоқ соғып, сол жерде көз жұмды. Оның інісі де зардап шеккен.
ГҮЛНӘР ҚАЛИЕВА, СҚО ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
38 жастағы манипулятор жүргізушісі жедел жәрдем жеткенше дейін оқиға орнында көз жұмды. Оның денесінің басым бөлігі тоққа күйіп қалған. Ал 31 жастағы тағы бір жәбірленуші дереу аудандық ауруханаға жеткізілді. Алайда, ол медициналық мекемеде жатудан бас тартты. Қазір науқас амбулаториялық ем қабылдап жатыр.
Қазір құрылыс алаңында барлық жұмыстар тоқтатылды. Полицейлер істің мән-жайын анықтап жатыр.
ЮРИЙ КЛЫКОВ, СҚО ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ:
Аталған іске қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынды. Қазіргі уақытта біз істің жай-жапсарын анықтап жатырмыз. Артынша барлық мәліметті қорытындылай келе процессуалдық шешім қабылданатын болады.