$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Иран, Ресей және Түркияның сыртқы істер министрлері Астана келіссөзі бойынша бірлескен мәлімдеме жасайды

AstanaTV
07.03.2018ж. 20:00
3454
Иран, Ресей және Түркияның сыртқы істер министрлері Астана келіссөзі бойынша бірлескен мәлімдеме жасайды

Иран, Ресей және Түркияның сыртқы істер министрлері Астана келіссөзі бойынша бірлескен мәлімдеме жасайды. Басқосу 16 наурызда Елордада өтеді. Бұл ақпаратты еліміздің Сыртқы істер министрі растады. Кепіл елдер Сириядағы ахуалды реттеу бойынша ынтымақтастықтың алғашқы жылы ішінде қол жеткізілген нәтижелерді талдауға ниетті. Сондай-ақ одан әрі бірлескен іс-қимылдарды белгілеу жоспары жа жоқ емес сыңайлы. Кездесу қарсаңында, яғни 15-наурызда бірлескен жұмыс тобының жиыны өтеді деп жоспарланған. Жиында тұтқындарды босату, қаза тапқандардың денелерін табыстау мен із-түзсіз жоғалғандарды іздестіру бойынша мәселе көтеріледі деген болжам жасалуда.

Қайрат Әбдірахманов, ҚР Сыртқы істер министрі:

Менде бар мәліметке сай Ресей, Түркия, Иран СІМ басшылары бірлескен мәлімдеме жасауға ниетті. Бұл құжатта Астана процесінің негізігі бағыттары көрсетіледі. Мүмкін, келесі раундтың мерзімі де айтылып қалар.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Сирияда Ан-26 ұшағының апатқа ұшырауына орай Ресей президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады. «Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан орны толмас қайғыға ортақтасып, көңіл айтамын және қаза болғандардың туыстары мен жақындарына қолдау білдіретінімізді жеткізуді сұраймын», - делінген жеделхатта.

Кеше Сирияда Хмеймим әуежайының қону алаңында ресейлік ұшақ апатқа ұшырады. Ресей Қорғаныс министрінің мәліметінше, бортта 39 адам болған. Барлығы қаза тапты. Әуе кемесіне қандай да бір шабуыл жасалмаған. Апат қолайсыз ауа райынан болды деген ақпар тарады. Техникалық ақау немесе ұшқыштардың қателігі де себеп болуы мүмкін.

Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ