Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Тәркіленген алтын бұйымдарын саудалаған тергеуші сотталды

AstanaTV
07.03.2018ж. 20:00
2749
Тәркіленген алтын бұйымдарын саудалаған тергеуші сотталды

"Кәсібімнен айрылып, салық департаментінің қызметкерлеріне "жем» болдым" деп шағымданған алматылық әйелдің ісіне қатысты сот үкімі шықты. Зергерлік бұйымдар сататын Индира Бердібекова құны 1 млн доллар болатын бағалы тауарының заңсыз тәркіленгенін айтып шағымданған еді. Көп ұзамай қалалық кірістер департаментінің тергеушісі Қуандық Есенқұлов құрықталған. Ол сыбайласымен бірге «заттай айғақ» ретінде алынған әшекейлерді саудалады деген күдікке ілінген. Алмалы аудандық соты бұрынғы тергеушіге қатысты үкім шығарды.

Қуанышбек Әріпов, Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының төрағасы:

Сот Қуандық Есенқұловты ҚК-тіңі 189 бабы 4 бөлігімен айыпты деп танып, 10 жылға бас ботсандығынан айыруға жаза тағайындады. Өмір бойы мемлекеттік қызметте істеуге тиым салынсын. Капитан шені қайтарып алынсын. Ол жазасын орта дәрежеде қорғалған жалпы тәртіптегі түрмеде өтесін.

Ал оның сыбайласы Рустам Өтегенов 2 жылға сотталды. Айта кетейік, жалғызбасты ана Индира Бердібекованың алтын бұйымдарын саудалайтын кәсібі болған. Құзырлы орган өкілдері әйелге контрабандалық тауарлар әкелді деген күдікпен іс қозғап, зергерлік заттарын тәркілейді. Уақыт өте келе, заттай айғақ ретінде алынған бұйымдардың талан-таражға түскені анықталған.