Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

3, 6 және 8 сыныптарға жаңартылған мазмұндағы оқулықтар енгізіледі

AstanaTV
07.03.2018ж. 20:00
4545
3, 6 және 8 сыныптарға жаңартылған мазмұндағы оқулықтар енгізіледі

3, 6 және 8 сыныптарға жаңартылған мазмұндағы оқулықтар енгізіледі. Жаңа оқу жылында шәкірттер осындай кітаптармен қамтылады. Бұл туралы «Оқулық» республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығының директоры Бейбітгүл Кәрімова мәлімдеді. Арнайы құрылған пәндік комиссияға 1800-ге тарта аталым ұсынылған. Оның 200- ден астамы оқулық, қалғаны оқу-әдістемелік кешендер. Комиссия құрамында белгілі ғалымдар, әдіскерлер, жоғары білікті оқытушылар мен мұғалімдер, депутаттар кірген. Ескертулер мен ұсыныстар бойынша пысықтау жұмыстары жүргізілді дейді маман.

Бейбітгүл Кәрімова, «Оқулық» республикалық ҒТО директоры:

Оқулықтар пәндік комиссияға берілмес бұрын ғылыми-практикалық сраптамадын өткізілді. Қазақстанның 30 мектебінде апробациядан өткізілді. Және порталда қоғамдық бағалаудан өткізілді. Солардың қорытындылары жүйеленіп, оқулықтардың барлығы өңделіп, комиссияға жіберілді.