Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Елбасы нәзік жандыларды Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады

AstanaTV
07.03.2018ж. 20:00
4137
Елбасы нәзік жандыларды Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады

Президент Нұрсұлтан Назарбаев ардақты аналар мен қыз-келіншектер қауымын Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады. Астанадағы «Қазақстан» орталық концерт залында «Көктем шуағы» деп аталатын мерекелік концерт өтті. Әдемі шара Елбасының құттықтауымен басталды. Нұрсұлтан Назарбаев жақында жарияланған бес әлеуметтік бастаманың ең алдымен нәзік жандыларға арналғанын айтты. Мемлекет басшысы өз сөзінде "халқымыз «Даналардың өзі аналардан туады» деп бекер айтпаған" деді. Бүгінгі бойжеткен - ертеңгі ана, ұрпақ тәрбиелеуші. Қыздарымыз осыны ұмытпаса екен деген тілегін білдірді. Алтын және күміс алқа иесі атанған аналардың саны қазір 250 мыңға жеткен. Осынау мерейлі мерекеде Елбасы астаналық көп балалы аналарға «Алтын алқа» марапатын табыстады.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Ардақты арулар! Әйелдің жағдайы дұрыс болса, әлеуметтің жағдайы да дұрыс болады. Барлық шаруаны қиналмай атқарып, іскер әйелдердің ерлігі де, өрлігі де өзіне жарасып тұрады.  Арулардың ақыл ойы мен күш жігері өз шаңырағына да қоғамға да өрге сүйрей алады. 

«Көктем шуағы» концертінде әсем әуен қалықтады. Өнер жұлдыздары - Роза Рымбаева, Мәдина Сәдуақасова, Мөлдір Әуелбекова бастаған отандық әншілер өнер көрсетті.